Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.26.01 № 61 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің
«Экономикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық
мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қаңтардағы № 61 Қаулысы

(2011.19.05. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2012 жылғы 27 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

ҚР Үкіметінің 2011.19.05. № 544 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қоғам қызметінің негізгі мәні мынадай салаларда зерттеулерді жүзеге асыру болып белгіленсін:

1) экономика;

2) (құпия).

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) қоғам жарғысын бекітуді;

2) қоғамның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену мен пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне беруді;

4) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

4. Қоса беріліп отырған Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 26 қаңтардағы

№ 61 қаулысымен

Бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку