«Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің «Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 544 Қаулысы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің «Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдістемелік
орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 544 Қаулысы
(2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің «Арнайы бағдарламалардың ғылыми-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, таратылатын кәсіпорынның кредит берушілерінің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлкін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамның жарғылық капиталына берсін;
2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
Демо – версия документа