Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІ ТУРАЛЫ ҚР 18.12.95 Ж. КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы
Қазақстан Республикасының
1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2688 Конституциялық Заңы

(2007.19.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

I Тарау. Жалпы ережелер

(1-8 баптар)

II Тарау. Республика Үкіметінің құзыреті, актілері, есептілігі және жауапкершілігі

(9-11 баптар)

III Тарау. Республика Үкіметінің мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы

(12-17 баптар)

IV Тарау. Республика Үкіметінің Қызметін ұйымдастыру

(18-27 баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

ҚР 06.05.99 ж. № 379-1 Конституциялық Заңымен тақырыбы мен  кіріспе жаңа редакцияда

Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретiн, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртібін белгiлейдi.

I Тарау. Жалпы ережелер

ҚР 2007.19.06. № 267-III Конституциялық Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң мәртебесi

Үкiмет алқалы орган болып табылады, азақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды.

ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 2-бап өзгертілді

2-бап. Республика Үкіметі қызметiнiң құқықтық негiзi

Үкiмет Республика Конституциясының, осы Конституциялық заңның, Республиканың заңдары мен өзге де нормативтiк актілерінiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.

ҚР 06.05.99 ж. № 379 Конституциялық Заңымен 3-бап жаңа редакцияда

3-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң құрылуы, құрылымы және құрамы

1.Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады.

2. Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-Министр тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде Республика Премьер-Министрi Республика Президентiне енгiзедi.

3. Үкiметтiң құрылымын министрлiктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку