(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ 2010.20.01 № 3 БҰЙРЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 3 бұйрығы
(2011.18.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 10 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламалардың бірыңғай карточкалық есепке алуын әрі қарай жетілдіру мақсатында, қылмыстық істерді оларды тергеу нәтижесі және сот қарауы, сондай-ақ тұлғаларға оларға қатысты қылмыстар жасалғаны және 2009 жылғы 3 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының нормаларымен сәйкестендіру мақсатында, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне келесі толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР Бас Прокурорының 2011.18.11. № 122 бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Тіркелген қылмыстар және қылмыстық қудалау органдары қызметінің нәтижелері туралы» № 1-М нысанды статистикалық есепті және оның құрылуы бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2003 жылғы 31 қазандағы № 62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2576 санымен тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тіркелген қылмыстар туралы және қылмыстық қудалау органдары қызметінің нәтижелері туралы» № 1-М статистикалық есептің:
1, 2, 3, 4, және 6-бөлімдері осы бұйрыққа қоса берілген 8, 9, 10, 11 және 12-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
5-бөлімде 5 жолдан кейін келесі мазмұндағы 6 жолмен толықтырылсын:
«СДЖІ істері бойынша 6», келесі жолдардың сан реті сәйкестендірілсін;
7-бөлімдегі 45 және 57 реттік санды жолдардан кейін келесі мазмұндағы 46 және 59 реттік санды жолдармен толықтырылсын;
Редакция документа
Демо – версия документа