(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ 2010.20.01 № 3 БҰЙРЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 3 бұйрығы
Осы редакция 2011 жылғы 18 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламалардың бірыңғай карточкалық есепке алуын әрі қарай жетілдіру мақсатында, қылмыстық істерді оларды тергеу нәтижесі және сот қарауы, сондай-ақ тұлғаларға оларға қатысты қылмыстар жасалғаны және 2009 жылғы 3 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының нормаларымен сәйкестендіру мақсатында, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне келесі толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) «Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды, қылмыстық істерді, олардың тергелу және сотта қаралу нәтижелерін бірыңғай карточкалық есепке алу негізінде жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы (Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе)» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 17 маусымдағы № 27 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3704 санымен тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстар туралы өтініштер мен хабарламаларды, қылмыстық істерді, олардың тергелу және сотта қаралу нәтижелерін бірыңғай карточкалық есепке алу негізінде жүргізу жөніндегі Нұсқаулықта (Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе) (бұдан әрі - Нұсқаулық):
10-тармақтағы 2 бөліктен кейін мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа