(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2014.16.06 № 348 БҰЙРЫҒЫ
ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 16 маусымдағы № 348 бұйрығы
Осы редакция 2014 жылғы 29 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің мынадай бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының лауазымдар номенклатурасын бекіту туралы» 2013 жылғы 30 қарашадағы № 690 бұйрығында:
Ішкі істер органдары өзіндік қауіпсіздік бөліністерінің барлық лауазымдары | Министрмен | Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығымен | Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
Ішкі істер органдары кадр жұмысы бөліністері жеке құрам жөніндегі инспекцияларының барлық лауазымдары | Министрмен | Өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығымен | Кадр жұмысы департаментінің бастығымен |
2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі комитеттерінің, департаменттері мен дербес басқармаларының ережелерін бекіту туралы» 2011 жылғы 27 қазандағы № 565 бұйрығында:
4-тармақтағы 6) тармақша алынып тасталсын;
«заңдылық және» деген сөздер алынып тасталсын;
1) тармақшада «және заңдылық» деген сөздер алынып тасталсын;
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ішкі істер органдары қызметкерлерінің нысанды киімді кию тәртібін сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді, маусымдық киім нысанына ауыстыру кезінде жеке құрамның саптық байқауын ұйымдастырады және өткізеді;
3) ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбек тәртібі мен күн тәртібін сақтауын бақылауды жүзеге асырады;»;
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) 2)-3) тармақшаларда көрсетілген фактілер бойынша қызметтік тексерістер жүргізуді қамтамасыз етеді»;
13-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа