«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының лауазымдар номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 30 қарашадағы № 690 бұйрығы (2014.16.06. берілген толықтырулармен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының лауазымдар номенклатурасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 30 қарашадағы № 690 бұйрығы
(2014.16.06. берілген толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 қазандағы № 666 бұйрығымен күші жойылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және қызметкерлерді тағайындау, босату және шығару тәртібін нақтылау, кадрларды іріктеу және орналастыру үшін басшылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі номенклатурасының лауазымдар тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. ІІМ Ішкі әскерлері, Әкімшілік полиция, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеттерінің төрағалары, Жетінші департаменттің, «Р» департаменттің, ішкі істер департаменттерінің, ІІМ оқу орындарының, ІІМ «Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі» мемлекеттік мекемесінің, ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің, облыстардың, Астана, Алматы және Жезқазған қалаларының «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемелерінің бастықтары:
1) осы бұйрыққа сәйкес тиісті лауазымдар номенклатурасының тізбелерін бекітсін;
2) басшы лауазымдарға тағайындау үшін ұсынылатын адамдарға материалдарды дайындау, келісу және Кадр жұмысы департаментіне ұсыну, лауазымнан босату немесе қызметтен шығару тәртібін сақтауды, ал қажет болған жағдайда - үміткерлердің әңгімелесу және кәсіби жарамдылығын айқындау үшін ІІМ-ге шығуын қамтамасыз етсін;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Кадр жұмысы департаментіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр полиция генерал-лейтенанты |
Қ. Қасымов |
ҚР Ішкі істер министрінің 2014.16.06. № 348 бұйрығымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2013 жылғы 30 қарашадағы
Документ утратил силу
Демо – версия документа