(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2013.30.11 № 690 БҰЙРЫҒЫ
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының лауазымдар номенклатурасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 30 қарашадағы № 690 бұйрығы
Осы редакция 2014 жылғы 16 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және қызметкерлерді тағайындау, босату және шығару тәртібін нақтылау, кадрларды іріктеу және орналастыру үшін басшылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі номенклатурасының лауазымдар тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. ІІМ Ішкі әскерлері, Әкімшілік полиция, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеттерінің төрағалары, Жетінші департаменттің, «Р» департаменттің, ішкі істер департаменттерінің, ІІМ оқу орындарының, ІІМ «Автокөліктік қызмет көрсету мекемесі» мемлекеттік мекемесінің, ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің, облыстардың, Астана, Алматы және Жезқазған қалаларының «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемелерінің бастықтары:
1) осы бұйрыққа сәйкес тиісті лауазымдар номенклатурасының тізбелерін бекітсін;
2) басшы лауазымдарға тағайындау үшін ұсынылатын адамдарға материалдарды дайындау, келісу және Кадр жұмысы департаментіне ұсыну, лауазымнан босату немесе қызметтен шығару тәртібін сақтауды, ал қажет болған жағдайда - үміткерлердің әңгімелесу және кәсіби жарамдылығын айқындау үшін ІІМ-ге шығуын қамтамасыз етсін;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Кадр жұмысы департаментіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр полиция генерал-лейтенанты |
Қ. Қасымов |
Ішкі істер министрінің
2013 жылғы 30 қарашадағы
№ 690 бұйрыққа 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
номенклатурасының лауазымдар
ТІЗБЕСІ
Лауазым | Кім тағайындайды | Кім ұсынады | Кіммен келісіледі |
Редакция документа
Демо – версия документа