(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІНІҢ 2014.27.02 № 85 БҰЙРЫҒЫНА 2...
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 27 ақпандағы
№ 85 бұйрығына
2-қосымша
Осы редакция 2014 жылғы 13 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қаңтарда № 34 қаулысымен бекітілген «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) қызмет берушіге жүгінген кезде - бес жыл мерзімге аккредиттеу туралы куәлік немесе қағаз тасығышта берілетін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2) портал арқылы жүгінген кезде - бес жыл мерзімге аккредиттеу туралы куәлік немесе «жеке кабинетте» - көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанда берілетін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі нысаны осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібін сипаттау
Редакция документа
Демо – версия документа