«Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 34 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 751 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 28 қаңтардағы
№ 34 қаулысымен
бекітілген
«Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында аккредиттеу жөніндегі комиссияның отырысы өткізілетін күні туралы ақпаратты орналастырған кезден бастап - күнтізбелік 65 (алпыс бес) күні ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты - 10 (он) минут;
3) рұқсат берілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты - 10 (он) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде - бес жыл мерзімге аккредиттеу туралы куәлік немесе қағаз тасығышта берілетін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Документ утратил силу
Демо – версия документа