«Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 85 бұйрығына 2-қосымша) (2014.13.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 305 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2014 жылғы 27 ақпандағы
№ 85 бұйрығына
2-қосымша
«Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2014.13.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қаңтарда № 34 қаулысымен бекітілген «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) қызмет берушіге жүгінген кезде - бес жыл мерзімге аккредиттеу туралы куәлік немесе қағаз тасығышта берілетін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2) портал арқылы жүгінген кезде - бес жыл мерзімге аккредиттеу туралы куәлік немесе «жеке кабинетте» - көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанда берілетін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі нысаны осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
Документ утратил силу
Демо – версия документа