«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2014 жылғы 10 ақпандағы № 23 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 119 бұйрығы (күші жойылды)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2014 жылғы 10 ақпандағы № 23 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 119 бұйрығы
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 380 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2014 жылғы 10 ақпандағы № 23 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9210 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 31 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Ұңғымалар объектісін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
мынадай мазмұндағы 10-1-тармағымен толықтырылсын:
«Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 1-1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы «электрондық үкімет» веб-порталында, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.»;
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа