Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2014 жылғы 10 ақпандағы № 23 бұйрығы (2014.30.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2014 жылғы 10 ақпандағы № 23 бұйрығы

(2014.30.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 380 бұйрығымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген:

1) «Ұңғымалар объектісін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

2) «Теңіз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;

3) «Теңізде іздестіру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;

4) «Қойнау-қатішілік қысымды ұстап тұру үшін ілеспе және табиғи газды бастырмалатуға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;

5) «Теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі жұмыстарға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;

6) «Тау-кен, мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, мұнай-газ өңдеу өндірістерін жобалауға (технологиялық) лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;

7) «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку