«Теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі жұмыстарға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2014 жылғы 10 ақпандағы № 23 бұйрығына 5-қосымша) (2014.30.06. берілген толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 380 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Мұнай және газ министрінің
2014 жылғы 10 ақпандағы
№ 23 бұйрығына
5-қосымша
«Теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі жұмыстарға рұқсаттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2014.30.06. берілген толықтырулармен)
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 50 қаулысымен бекітілген «Теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі жұмыстарға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі жұмыстарға рұқсаты (бұдан әрі - рұқсат).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге қағаз немесе электронды тәсілмен жолданған өтініш пен қоса тіркелген құжаттардың (бұдан әрі - өтініш) бар болуы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:
Документ утратил силу
Демо – версия документа