Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Тексеріп қарау жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің, оларға қатысты тексеріп қарау жүргізілмейтін адамдардың, көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың тізбелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 шілдедегі № 817 Қаулысы (2021.10.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Тексеріп қарау жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің, оларға қатысты тексеріп қарау жүргізілмейтін адамдардың, көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың тізбелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 шілдедегі № 817 Қаулысы

(2021.10.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 571 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы 24-1-бабының 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) тексеріп қарау жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі;

2) оларға қатысты тексеріп қарау жүргізілмейтін адамдардың тізбесі;

3) көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2014.24.10. № 1134 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.03.09. № 544 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.10.11. № 804 Қаулысымен  (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 23 шілдедегі

№ 817 қаулысымен

бекітілген

 

 

Тексеріп қарау жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің

тізбесі

 

1. Теміржол вокзалдары:

1) «Астана»;

2) «1 Алматы»;

3) «2 Алматы»;

4) «Қарағанды»;

5) «Ақтөбе»;

6) «Орал»;

7) «Қызылорда»;

8) «Атырау»;

9) «Маңғышлақ»;

10) «Бейнеу»;

11) «Көкшетау»;

12) «Қостанай»;

13) «Павлодар»;

14) «Шымкент»;

15) «Жамбыл»;

16) «Шу»;

17) «Семей»;

18) «Петропавл».

2. Автовокзалдары:

1) «Сапаржай - Астана»;

2) «Сайран»;

3) «Саяхат»;

4) «Көкшетау»;

5) «Талдықорған автобекеті»;

6) «Ақтөбе Сапар»;

7) «Өскемен»;

8) «Облтранском»;

9) «Тараз автобекеті»;

10) «Орал қаласының автобекеті»;

11) «Қостанай»;

12) «Салтанат»;

13) «Қарағанды Сапар»;

14) «Автовокзалсервис»;

15) «Сапаржай Павлодар»;

16) «Петропавл»;

17) «Самал»;

18) «Алаш»;

19) «ШКААВ»;

20) «Бекжан»;

21) «Атырау».

3. «Ақтау теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции