(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ТЕКСЕРІП ҚАРАУ ЖҮРГІЗІЛЕТІН КӨЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ОБЪ...
Тексеріп қарау жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің, оларға қатысты тексеріп қарау жүргізілмейтін адамдардың, көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың тізбелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 шілдедегі № 817 Қаулысы
(2014.24.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 3 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы 24-1-бабының 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) тексеріп қарау жүргізілетін көлік инфрақұрылымы объектілерінің тізбесі;
2) оларға қатысты тексеріп қарау жүргізілмейтін адамдардың тізбесі;
3) көлік инфрақұрылымы объектілеріне әкелуге тыйым салынған заттар мен құралдардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2014.24.10. № 1134 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 23 шілдедегі
№ 817 қаулысымен
бекітілген
Тексеріп қарау жүргізілетін көлік ннфрақұрылымы объектілерінің
тізбесі
1. Теміржол вокзалдары:
1) «Астана»;
2) «1 Алматы»;
3) «2 Алматы»;
4) «Қарағанды»;
5) «Ақтөбе»;
6) «Орал»;
7) «Қызылорда»;
8) «Атырау»;
9) «Маңғышлақ»;
10) «Бейнеу»;
11) «Көкшетау»;
12) «Қостанай»;
13) «Павлодар»;
14) «Шымкент»;
15) «Жамбыл»;
16) «Шу»;
17) «Семей»;
18) «Петропавл».
2. Автовокзалдары:
1) «Сапаржай - Астана»;
2) «Сайран»;
3) «Саяхат»;
4) «Көкшетау»;
5) «Талдықорған автобекеті»;
6) «Ақтөбе Сапар»;
7) «Өскемен»;
8) «Облтранском»;
9) «Тараз автобекеті»;
10) «Орал қаласының автобекеті»;
11) «Қостанай»;
12) «Салтанат»;
13) «Қарағанды Сапар»;
14) «Автовокзалсервис»;
15) «Сапаржай Павлодар»;
16) «Петропавл»;
17) «Самал»;
18) «Алаш»;
19) «ШКААВ»;
20) «Бекжан»;
21) «Атырау».
3. Ақтау халықаралық теңіз сауда порты.
4. Алматы қаласының метрополитен желілері.
5. Әуежайлар:
1) «Астана халықаралық әуежайы»;
2) «Алматы халықаралық әуежайы»;
Редакция документа
Демо – версия документа