Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2002 Ж. 26 СӘУІРДЕГІ № 853 ЖАРЛЫҒЫ

«Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағын құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 853 Жарлығы

(2012.29.12. берілген өзгерістермен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 31 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 26 қаңтардағы Заңына сәйкес қаулы етемін:

ҚР Президентінің 2005.01.08. № 1624 (бұр.ред.қара); 2008.28.11. № 702 (бұр.ред.қара) Жарлықтарымен 1-тармақ өзгертілді

1. 2028 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы құрылсын.

ҚР Президентінің 2012.29.12. № 457 Жарлығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қоса беріліп отырған:

1) «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже;

2) «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.

3. Осы Жарлық 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

 

ҚР Президентінің 11.02.03 ж. № 1022 ; 29.12.03 ж. № 1267 Жарлығымен (бұр. ред. қара); 2007.07.02. № 279 (бұр.ред.қара); 2008.19.09. № 657 (бұр. ред. қара); 2008.28.11. № 702 (бұр.ред.қара); 2009.21.09. № 873 Жарлықтарымен ереже өзгертілді; ҚР Президентінің 2012.29.12. № 457 Жарлығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Президентінің

2002 жылғы 26 сәуірдегі

№ 853 Жарлығымен

бекітілген

 

 

«Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес теңіз сауда портының аумағында, сондай-ақ Маңғыстау облысы Ақтау қаласының әкімшілік-аумақтық шекарасының шегіндегі аумақтың бөлігінде орналасқан.

АЭА-ның аумағы 2000 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку