Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ 2012.08.05 № 279 БҰЙРЫҒЫ

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 279 бұйрығы

(2013.23.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңы 9-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындарының магистратурасына іріктеу және қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 13 сәуірдегі № 221 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2864 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 27 қазанда № 133-134 (758) жарияланған);

2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жоғары оқу орындарының магистратурасына іріктеу және қабылдау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 13 сәуірдегі № 221 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 9 сәуірдегі № 135 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5667 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2009 жылғы 22 мамырда № 76 (1499) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Кадр жұмысы департаментіне (Ә.Ж. Оразғалиев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өтуін және мерзімдік басылымдарда жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Г.Демеуовке жүктелсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку