Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің жоғары оқу орындарының магистратурасына іріктеу және қабылдау ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 13 сәуірдегі № 221 бұйрығы (2009.09.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің жоғары оқу орындарының магистратурасына іріктеу және қабылдау ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 13 сәуірдегі № 221 Бұйрығы
(2009.09.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 279 бұйрығымен күші жойылды
Ішкі істер органдары үшін жаңа буын өкілдері арасынан басшы кадрлар резервін дайындау мақсатында Бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарының магистратурасына іріктеу және қабылдау ережелері бекітілсін.
ҚР Ішкі істер министрінің 2009.09.04 № 135 Бұйрығымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қызметтерінің, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі істер департаменттерінің бастықтары:
1) көрсетілген бұйрықты басшылыққа алсын және орындасын;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындары магистратурасына оқуға үміткерлерді уақытында және сапалы іріктеуді қамтамасыз етсін.
Документ утратил силу
Демо – версия документа