«Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 37 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 214 бұйрығы (күші жойылды)
«Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 37 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 214 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 29 мамырдағы № 301 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттеріне жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 133 бұйрығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9117 тіркелді, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 17 наурызында жарияланды) мынадай толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, филиалдарды (өкілдіктерді) есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті:
мынадай мазмұндағы 13-қосымшамен толықтырылсын:
«13. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдер (іс-қимылдар) кезектілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылының толық сипаттамасы, сондай-ақ басқа да қызмет берушілердің және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығының мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі өзара іс-қимылының тәртібі және ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі»;
осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа