«Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі түрін өндіру құқығына біліктілік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 наурыздағы № 144 бұйрығына 6-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 401 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2014 жылғы 19 наурыздағы
№ 144 бұйрығына
6-қосымша
«Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі түрін өндіру құқығына біліктілік беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялықсараптаманың белгілі түрін өндіру құқығына біліктілік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - Комитеттің аумақтық бөлімшелері) кеңсесі не www.еlicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы, www.е.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 141 қаулысымен бекітілген «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі түрін өндіру құқығына біліктілік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес сот сараптамасының белгілі бір түрін өндіру құқығына берілетін біліктілік куәлігін беру (бұдан әрі - біліктілік куәлігі) болып табылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің болуы немесе қызмет алушының электрондық сұратуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша процесті (іс-әрекетті) бастауға негіз болып табылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа