Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 141 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 735 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 24 ақпандағы

№ 141 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі түрін өндіру құқығына біліктілік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтінішті қабылдау:

1) Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің (бұдан әрі - Комитеттің аумақтық бөлімшелері) кеңсесі немесе www.еlicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал);

2) www.е.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) кеңсесі немесе портал арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) Комитеттің аумақтық бөлімшелеріне құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 21 (жиырма бір) жұмыс күні;

2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку