«Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2014 жылғы 19 наурыздағы № 144 бұйрығы (күші жойылды)
Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2014 жылғы 19 наурыздағы № 144 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 401 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республиксы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына, 16-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Біліктілік санатын бермей маман сертификатын беру»;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын беру»;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Медициналық ұйымдарға аккредиттеу туралы куәлік беру»;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін жеке тұлғаларға аккредиттеу туралы куәлік беру туралы»;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сарапшыларын аттестаттау»;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі түрін өндіру құқығына біліктілік беру»;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жағдайларда адам ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін әкелуге, әкетуге, сондай-ақ қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттері бекітілсін.
Документ утратил силу
Демо – версия документа