Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 наурыздағы № 144 бұйрығына 2-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 401 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушының

2014 жылғы 19 наурыздағы

№ 144 бұйрығына

2-қосымша

 


«Біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын беру»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. «Біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің аумақтық департаменттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы не www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz «Е-лицензиялау» (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны электрондық (ішінара автоматтандырылған).

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - «Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 141 қаулысымен бекітілген «Біліктілік санатын бере отырып маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес маман сертификаты (бұдан әрі - сертификат).

 

 

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылдар тәртібін сипаттау

 

4. Көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің болуы немесе қызмет алушының электрондық сұратуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша процесті (іс-әрекетті) бастауға негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) Көрсетілетін қызметті беруші:

кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдау және порталда тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат (хабарлама) береді - орындау уақыты 20 (жиырма) минут;

басшы орындаушыны айқындайды - орындау уақыты 2 (екі) сағат;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку