«Қазақстан Республикасының шетелдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2014 жылғы 19 наурыздағы № 08-1-1-1/87 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 11-1-2/328 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің м.а.
2014 жылғы 19 наурыздағы
№ 08-1-1-1/87 бұйрығымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының шетелдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 145 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының шетелдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі-стандарт) 2-бабының 4 тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесі мынадай рәсімдерден тұрады:
1) баланың тууын тіркеу:
1-ші процесс - көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы, тексеруі, тіркеуі;
2-ші процесс - азаматтық хал актілерін тіркеу және куәлікті беру.
2) Стандарттың 2-бабының 4 тармағына сәйкес баланың қайтыс болуын тіркеу:
1-ші процесс - көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы, тексеруі, тіркеуі;
2-ші процесс - азаматтық хал актілерін тіркеу және куәлікті беру.
3) Стандарттың 2-бабының 4 тармағына сәйкес әкелікті анықтау, бала асырап алуды, атын, әкесінің атын, тегін өзгертуді тіркеу:
1-ші процесс - көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауы, тексеруі, тіркеуі;
2-ші процесс - құжаттарға зерделеу немесе тексеру;
3-ші процесс - азаматтық хал актілерін тіркеу және куәлікті беру.
Документ утратил силу
Демо – версия документа