«Қазақстан Республикасының шетелдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 145 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 24 ақпандағы
№ 145 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 14 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының шетелдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Қазақстан Республикасының шетелдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. «Қазақстан Республикасының шетелдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібi
4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызмет алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
баланың тууын тіркеу - 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
әкелікті анықтау, бала асырап алуды, атын, әкесінің атын, тегін өзгертуді тіркеу - күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде, қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда, мерзім күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін;
неке қиюды және бұзуды тіркеу - күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде, қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған жағдайда, мерзім күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін;
қайтыс болуды тіркеу - 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 60 минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 10 минут.
Документ утратил силу
Демо – версия документа