(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.30.12 № 1426 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасын бекіту туралы» 2010 жылғы 18 қазандағы № 1069 және «Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 желтоқсандағы № 1426 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 25 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1069 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 55, 533-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Азаматтық авиация саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 71, 1027-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікті беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі күнтізбелік 30 күнді құрайды (қажет болған жағдайда, күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге ұзарту мүмкіндігімен);»;
2) тармақшаның бесінші - он бесінші абзацтары 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Редакция документа
Демо – версия документа