«Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1069 Қаулысы (2013.30.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1069 Қаулысы
(2013.30.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 901 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 21) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасының 2011 жылғы 27 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 7-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2013.30.12. № 1426 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 18 қазандағы
№ 1069 қаулысымен
бекітілген
Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 21) тармақшасына, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (Чикаго, 1944 ж.) 6-қосымшасына сәйкес әзірленді және пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жіберу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) өтінім - өтініш берушінің сертификаттау рәсімінен өту үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жазбаша өтініші;
2) өтініш беруші - авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;
Документ утратил силу
Демо – версия документа