(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.04.09 № 1140 ҚАУЛЫСЫ
Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру және оның жұмысын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 Қаулысы
(2013.30.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының рұқсат беру жүйесін одан әрі реформалаудың 2012-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 шілдедегі № 929 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2013.30.04. № 431 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 1140 қаулысына
1-қосымша
Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі - төраға;
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының хатшысы - төрағаның орынбасары (келісім бойынша);
«Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының басқарма төрағасы - төрағаның орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасының Өңірлік даму вице-министрі - хатшы;
Қазақстан Республикасының Әділет министрінің орынбасары;
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары (келісім бойынша);
Редакция документа
Демо – версия документа