(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.04.09 № 1140 ҚАУЛЫСЫ
Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру және оның жұмысын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының рұқсат беру жүйесін одан әрі реформалаудың 2012-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 шілдедегі № 929 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2012 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 1140 қаулысына
1-қосымша
Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
құрамы
Комиссия мүшелері:
төраға - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі;
төрағаның орынбасары - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының хатшысы;
төрағаның орынбасары - «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының басқарма төрағасы;
хатшы - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасының орынбасары;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Қазақстан Кәсіпкерлері форумының жетекшісі;
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары (келісім бойынша).
Редакция документа
Демо – версия документа