(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.31.12 № 1538 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1538 Қаулысы
Осы редакция 2014 жылғы 5 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 13 қарашадағы № 691 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті оның мүлкі Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігіне (бұдан әрі - Агенттік) беріле отырып таратылсын.
2. Қоса беріліп отырған.
1) Агенттік туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің органдары мен ұйымдары Агенттіктің органдары мен ұйымдары болып қайта аталсын.
4. Агенттік және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, Индустрия және жаңа технологиялар министрліктері, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1538 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа