Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 13 қарашадағы № 691 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі туралы

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігін (бұдан әрі - Агенттік) бөлу жолымен оған:

1) Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінен (Монополияға қарсы агенттік) - тұтынушылардың құқықтарын қорғау;

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінен - халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы;

3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен - тұтынушыларға өткізілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша техникалық регламенттермен және нормативтік құжаттармен белгіленген талаптардың сақталуын, сондай-ақ тағам өнімдерін өткізу сатысында оның қауіпсіздігі саласын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктер беріле отырып, қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнің Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетiн (бұдан әрі - Комитет) таратсын;

2) таратылатын Комитеттің және жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдардың тиісті штат санын жаңадан құрылған Агенттікке беруді қамтамасыз етсін;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку