(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001 Ж. 28 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 1755 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесі комитетiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 28 желтоқсандағы № 1755 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 24 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Таратылып отырған Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мүлкiн басқару жөніндегі функциялар мен өкiлеттiктердi бере отырып, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесiнiң комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
2. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық басқару құқығында) (бұдан әрi - Кәсiпорын) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қарауынан Комитеттiң қарауына берiлсiн.
4. ҚР Үкіметінің 2005.17.10 ж. № 1041 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
5. Комитет осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
6. ҚР Үкіметінің 2007.30.07 ж. № 639 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
7. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiнiң, олармен бiрге тұратын өздерiнiң отбасы мүшелерiнiң, сондай-ақ осы жүйенiң зейнеткерлерiнiң Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң медициналық мекемелерiнде тегiн медициналық қызмет көрсетудi алуына құқығы бар;
2) қылмыстық-атқару жүйесi органдарына қызметке қабылданатын азаматтар, сондай-ақ олардың қызметкерлерi қылмыстық-атқару жүйесi органдарының кадр аппаратының жолдамасы бойынша қызметке жарамдылығын анықтау үшiн iшкi істер органдарының әскери-дәрiгерлiк комиссияларында медициналық куәландырудан өтедi деп белгiленсiн.
8. ҚР Үкіметінің 2007.30.07 ж. № 639 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
Редакция документа
Демо – версия документа