(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001 Ж. 28 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 1755 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару
жүйесі комитетiнiң мәселелерi Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 ж. 28 желтоқсандағы № 1755 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 30.05.02 ж. № 596; 13.06.02 ж. № 639; 14.06.02 ж.
№ 644; 28.12.02 ж. № 1270; 29.12.02 ж. № 1443; 23.07.03 ж. № 731;
08.01.04 ж. № 14; 03.03.04 ж. № 260; 17.03.04 ж. № 330;
24.06.04 ж. № 604; 30.07.04 ж. № 806; 28.10.04 ж. № 1120;
2005.22.06. № 607 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 17 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының ?кіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Таратылып отырған Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мүлкiн басқару жөніндегі функциялар мен өкiлеттiктердi бере отырып, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесiнiң комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырғандар:
1). ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2). ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3) Комитеттiң басшы құрамындағы типтiк лауазымдар санаттарының және оларға тиiстi шектi арнайы атақтардың тiзбесi;
4) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
3. "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық басқару құқығында) (бұдан әрi - Кәсiпорын) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қарауынан Комитеттiң қарауына берiлсiн.
4. Кәсiпорынның мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысы бойынша мемлекеттік меншiк құқық субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган Комитет болып белгiленсiн.
5. Комитет осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Редакция документа
Демо – версия документа