(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2001 Ж. 28 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 1755 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесі комитетiнiң мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 28 желтоқсандағы № 1755 қаулысы
(2011.21.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Таратылып отырған Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мүлкiн басқару жөніндегі функциялар мен өкiлеттiктердi бере отырып, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесiнiң комитетi (бұдан әрi - Комитет) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырғандар:
1). ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2). ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3) Комитеттiң басшы құрамындағы типтiк лауазымдар санаттарының және оларға тиiстi шектi арнайы атақтардың тiзбесi;
4) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
3. «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық басқару құқығында) (бұдан әрi - Кәсiпорын) Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қарауынан Комитеттiң қарауына берiлсiн.
4. ҚР Үкіметінің 2005.17.10 ж. № 1041 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
5. Комитет осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
6. ҚР Үкіметінің 2007.30.07 ж. № 639 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
7. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiнiң, олармен бiрге тұратын өздерiнiң отбасы мүшелерiнiң, сондай-ақ осы жүйенiң зейнеткерлерiнiң Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң медициналық мекемелерiнде тегiн медициналық қызмет көрсетудi алуына құқығы бар;
Редакция документа
Демо – версия документа