«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тәртіптік комиссиясын қалыптастыру және жұмысының тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 314 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 140 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тәртіптік комиссиясын қалыптастыру және жұмысының тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 314 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 140 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тәртіптік комиссиясының жұмысын жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тәртіптік комиссиясын қалыптастыру және жұмысының тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 30 маусымдағы № 314 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тәртіптік комиссиясының құрамы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенанты |
Қ. Қасымов |
Демо – версия документа