«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тәртіптік комиссиясын құру және оның жұмыс істеу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің милиция генерал-майорының 2011 жылғы 30 маусымдағы № 314 бұйрығы (2014.16.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тәртіптік комиссиясын құру және оның жұмыс істеу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің милиция генерал-майорының 2011 жылғы 30 маусымдағы № 314 бұйрығы
(2014.16.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 1 және 57-баптарының және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының талаптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тәртіптік комиссиясы құрылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тәртіптік комиссиясының құрамы (1-қосымша);
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тәртіптік комиссиясын құру және оның жұмыс істеу тәртібі туралы нұсқаулық (2-қосымша);
3) Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттерінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарының Тәртіптік комиссиясын құру және оның жұмыс істеу тәртібі туралы үлгі нұсқаулық (3-қосымша) бекітілсін.
3. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттерінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарының бастықтары:
1) Тәртіптік комиссиялар құрсын;
2) Тәртіптік комиссиялардың құрамы мен оларды құру және жұмыс істеу тәртібі туралы нұсқаулықтарды бекітсін.
4. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тәртіптік комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 21 маусымдағы № 290 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары генерал-майор А.Ж. Күреңбековке және Кадр жұмысы департаментіне (Ә.А. Жансейітов) жүктелсін.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр милиция генерал-майоры |
Қ. Қасымов |
Демо – версия документа