(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ШАРУАШЫЛЫҚ СЕРІКТЕСТІКТЕРІ ТУРАЛЫ» ҚР ЗАҢЫ
Шаруашылық серіктестіктері туралы
1995 жылғы 2 мамырдағы № 2255 Қазақстан Республикасының Заңы
(2013.21.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 7 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен актінің нысаны және тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
I-бөлім. Жалпы ережелер (1 - 9 баптар)
II-бөлім. Шаруашылық серіктестіктерінің жекелеген түрлерінің ерекшеліктері (10 - 62 баптар)
I-тарау. Толық серіктестік (10 - 25 баптар)
II-тарау. Сенім серіктестігі (26 - 36 баптар)
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «Жарлықты», «Жарлықтан»,» Жарлықтағыдан», «Жарлықпен»,» Жарлықтың», «Жарлыққа»,» Жарлықта» деген сөздер тиісінше «Заңды», «Заңнан», «Заңдағыдан», «Заңмен», «Заңның», «Заңға», «Заңда» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен кіріспе алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 11.07.97 ж. № 154-I; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-бап өзгертiлдi
1-бап. Шаруашылық серiктестiгi туралы негiзгi ережелер
1. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесiне) бөлiнген, өз қызметiнiң негiзгi мақсаты пайда түсiру деп есептелетiн және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiгi болып танылады.
2. Шаруашылық серiктестiктерi толық серiктестiк, сенім серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысанында құрылуы мүмкiн.
3. 2013.21.06. № 106-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 19.06.97 ж. № 134-I Заңымен ; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2- бап өзгертілді
2-бап. Шаруашылық серiктестiктерi туралы заңдар
1. Қазақстан Республикасының шаруашылық серіктестіктері туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Редакция документа
Демо – версия документа