Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Шаруашылық серiктестiктерi туралы Қазақстан Республикасы

Президентiнiң 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255 Заң күші бар Жарлығы

Осы редакция ҚР 2003 ж. 16 мамырдағы N 416-II Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды



"Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және шаруашылық серiктестiгi нысанында құрылатын коммерциялық ұйымдарды құру, олардың қызметi және оны тоқтату барысында туындайтын қатынастарды реттеу мақсатында осы Жарлықты шығарамын:

 I-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
 1-бап. Шаруашылық серiктестiгi туралы негiзгi ережелер

1. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесiне) бөлiнген, өз қызметiнiң негiзгi мақсаты пайда түсiру деп есептелетiн және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiгi болып танылады.

2. Шаруашылық серiктестiктерi толық серiктестiк, сенiм серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк және акционерлiк қоғам нысанында құрылуы мүмкiн.

3. Серiктестiкке қатысушы болып табылмайтын тұлғалардың ақшасы мен басқа мүлiктерiн тарту негiзiнде жұмыс iстейтiн банкiлер, сақтандыру қоғамдары, инвестициялық компаниялар мен капиталдар, осылар сияқты басқа да ұйымдар осы ұйымдар үшiн арнаулы заң актiлерiмен анықталған шаруашылық серiктестiгi нысандарында құрылып, жұмыс iстейдi.

Ескерту. 1-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 11.07.1997 N 154 Заңымен.

 2-бап. Шаруашылық серiктестiктерi туралы заңдар

1. Шаруашылық серiктестiктерi туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясынан, осы Жарлықтан, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнен және Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетiнiң осыларға сәйкес қабылдайтын нормативтi актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартта осы Жарлықтағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку