«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 111 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 821 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 ақпандағы
№ 111 қаулысымен
бекітілген
«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу және оларға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің аумақтық көші-қон полициясының бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) қажетті құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап - күнтізбелік 60 (алпыс) күн;
2) құжаттарды тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты - 30 (отыз) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты - 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат (бұдан әрі - рұқсат) және болжанатын тұрғылықты жері бойынша тіркеу.
Документ утратил силу
Демо – версия документа