Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003.22.12 № 1288 ҚАУЛЫСЫ

Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1288 Қаулысы

(2011.04.08. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2011.04.08. № 914 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 2011.04.08. № 914 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

ҚР Үкіметінің 2011.04.08. № 914 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2003 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 1288 қаулысымен

бекітілген

 

 

Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу

қағидаcы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу қағидаcы (бұдан әрі - Қағида) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді және спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредитеуден өткізу:

аккредиттеуді өткізу үшін құжаттарды беру, оларды қарау және дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) аккредиттеу туралы куәлікті беру тәртібін айқындайды.

2. Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктер (бұдан әрі - бірлестік) Қазақстан Республикасының атынан тиісті халықаралық ұйымдарда қатысушы болу құқықтарын таныту мақсатында аккредиттеуден өтеді.

3. Бірлестіктерді аккредиттеуді уәкілетті орган жүзеге асырады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку