Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 22 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 1288 ҚАУЛЫСЫ

Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 1288 қаулысы

 

Осы редакция 2011 жылғы 4 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу ережесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2003 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 1288 қаулысымен бекітілген

 

 

Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу

ережесi

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу ережесi (бұдан әрi - Ереже) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзiрлендi.

2. Дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бiрлестiктер (бұдан әрi - бiрлестiктер) Қазақстан Республикасының атынан тиiстi халықаралық ұйымдарға қатысушы болу құқықтарын таныту мақсатында аккредиттеуден өтедi.

3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы орталық атқарушы орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) аккредиттеудi жүзеге асырады.

4. Дене шынықтыру және спорт саласындағы аккредиттелген республикалық қоғамдық бiрлестiктердiң тiзiлiмiн уәкiлеттi орган жүргiзедi.

5. Аккредиттеудi тиiмдi жүзеге асыру мақсатында Аккредиттеу жөніндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылады. Комиссияның құрамы және ол туралы ереже уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен бекітіледi.

 

 

2. Аккредиттеудi жүргiзу тәртібі

 

6. Бiрлестiк аккредиттеу туралы куәлiк алу үшiн уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку