(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.30.09 № 1006 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1006 Қаулысы
(2013.17.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 10 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 1006 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған
салалық бағдарлама
Бағдарламаның мазмұны
3. Көлік саласының ағымдағы жай-күйін талдау
4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен нәтиже көрсеткіштері
5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
7. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
ҚР Үкіметінің 2013.05.03. № 214 Қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Бағдарламаның паспорты
Редакция документа
Демо – версия документа