«Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 -2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1006 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 наурыздағы № 214 Қаулысы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 -2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1006 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 наурыздағы № 214 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 14 маусымдағы № 658 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1006 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламада:
«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
«Мақсаты» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Мақсаты | Экономика мен халықтың көліктік және логистикалық қызметтерге қажеттіліктерін толық көлемде қанағаттандыруға қабілеттi көліктік-коммуникациялық кешенді, сондай-ақ көліктік-логистикалық жүйені дамыту. |
»;
«Міндеттері» деген жолда:
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2013 жылға қарай қатынас түрлері бойынша (экспорттық, импорттық және республикаішілік) жүктер тасымалдауға арналған тарифтерді кезең-кезеңімен біріздендіру;»;
мынадай мазмұндағы жиырма тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстанның аумағында ел ішінде және шетелде жоғары және тиімді көліктік байланысты, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүк ағынын ұлғайтуды, жердегі, теңіз және әуе көлігінің барлық түрлерінің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы көліктік-логистикалық жүйені (автожол, темір жол, су және әуе көлігі) құру.»;
«Нысаналы индикаторлар» деген жолда:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) республикалық маңызы бар шамамен 3,9 мың км автожол салу, қайта жаңарту және 5,6 мың км автожолды, жергілікті маңызы бар 11,5 мың км жолды жөндеу;»;
5), 6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа