(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ - ҚР..2...
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 8 тамыздағы № 187-НҚ бұйрығы
Осы редакция 2013 жылғы 16 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің регламенті бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің жауапты хатшысы А. Қабыкеновке жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - министр |
Б. Сағынтаев |
Премьер-Министрінің бірінші
орынбасары - Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрінің
2013 жылғы 8 тамыздағы
№ 187-НҚ бұйрығымен
БЕКІТІЛДІ
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің
Регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің осы регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 ақпандағы № 109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі туралы ережеге (бұдан әрі - Министрлік туралы ереже) сәйкес оған жүктелген функцияларды орындау үдерісіндегі Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) қызметінің жалпы қағидаларын белгілейді.
2. Осы Регламентте белгіленген талаптар Министрліктің орталық аппаратының, оның ведомстволарының және олардың аумақтық бөлімшелерінің, ведомствоға бағынысты ұйымдарының барлық қызметкерлеріне қолданылады.
Редакция документа
Демо – версия документа