«Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 ақпандағы № 109 Қаулысы (2014.30.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 ақпандағы № 109 Қаулысы
(2014.30.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 466 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті құрылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті болып;
2) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдары;
3) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық жер инспекциялары;
4) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі мен Жер ресурстарын басқару агенттігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары қайта аталсын.
ҚР Үкіметінің 2013.02.08. № 767 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Өңірлік даму комитеті міндеттемелері мен мүлкін Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне бере отырып таратылсын.
4. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
Документ утратил силу
Демо – версия документа