(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.24.11 № 1244 ҚАУЛЫСЫ
Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қарашадағы № 1244 Қаулысы
(2012.24.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 4 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 49) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасы бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының теңіздегі және ішкі су айдындарындағы мұнай операцияларымен байланысты теңіз ғылыми зерттеулерін жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 маусымдағы № 693 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 26, 219-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн еткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2012.24.10. № 1349 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 24 қарашадағы
№ 1244 қаулысымен
бекітілген
Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 49) тармақшасына сәйкес әзірленді және Каспий және Арал теңіздерінің қазақстандық бөлігінде теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Теңіздегі ғылыми зерттеулер жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың теңізге әсерін және олардың қоршаған ортаға салдары мен биологиялық әртүрлілігін зерттеу мақсатында жүргізіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа