«Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүзгізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қарашадағы № 1244 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1349 Қаулысы (күші жойылды)
«Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүзгізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қарашадағы № 1244 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1349 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 475 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 қарашадағы № 1244 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 2, 25-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
С. Ахметов |
Үкіметінің
2012 жылғы 24 қазандағы
№ 1349 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 24 қарашадағы
№ 1244 қаулысымен
бекітілген
Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу
қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 49) тармақшасына сәйкес әзірленді және Каспий және Арал теңіздерінің қазақстандық бөлігінде теңіздегі ғылыми зерттеулерді жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Теңіздегі ғылыми зерттеулер жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың теңізге әсерін және олардың қоршаған ортаға салдары мен биологиялық әртүрлілігін зерттеу мақсатында жүргізіледі.
3. Теңіздегі ғылыми зерттеулерді қазақстандық та, шетелдік те жеке және заңды тұлғалар, шетелдік мемлекеттік және құзыретті халықаралық ұйымдар жүзеге асыра алады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа