Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 26 МАУСЫМДАҒЫ № 610 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 610 Қаулысы

(2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2014 жылғы 27 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2010.31.03. № 252 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің қарамағындағы ұйымдар Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағына берілсін.

2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К.Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2008.23.12. № 1226 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.30.01. № 43 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.31.03. № 252 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.16.04. № 369 Қаулысымен (бұр.ред.қара тізбе өзгертілді

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2008 жылғы 26 маусымдағы

№ 610 қаулысына

қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

Мәдениет комитетінің қарамағына берілетін ұйымдардың

тізбесі

 

Театрлар

 

1. «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

2. «Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

3. «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

4. «М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку