(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 26 МАУСЫМДАҒЫ № 610 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 маусымдағы № 610 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 23 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағындағы ұйымдар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағына берілсін.
2. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К.Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 26 маусымдағы
№ 610 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Мәдениет комитетінің қарамағына берілетін ұйымдардың тізбесі
Театрлар
1. «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2. «Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
3. «М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
4. «М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
5. «Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
6. «Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
7. «Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Редакция документа
Демо – версия документа